ҮЗДІКСІЗ ГЛИКЕМИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ – ДИАБЕТОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР (әдеби шолу)

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.62.25.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қант диабеті (ҚД) тез дамып келе жатқан ауру, ол дүние жүзінде орта есеппен әр 15 жыл сайын екі еселенеді. Глюкоза деңгейін бақылау қант диабетін диагностикалау мен емдеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Дегенмен, пациенттердің айтарлықтай бөлігі гликемиялық көрсеткіштерге қол жеткізе алмайды, нәтижесінде асқынулар және денсаулық сақтау ұйымының шығындары артады. Әдебиеттерге шолу мақаласы дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда жоғары тиімді және дәл болып табылатын үздіксіз гликемиялық мониторинг (ҮГМ) жүйелерін — жаңа технологияларды енгізу мәселесіне арналған. ҮГМ әлемдік тәжірибеде кең қолданыс тапты, алайда Қазақстанда ол жеткілікті түрде қолданылмайды. Қазақстанның денсаулық сақтау тәжірибесіне үздіксіз мониторинг жүйесін енгізу гликемиялық көрсеткіштерді жақсарту және қант диабеті асқынуларының алдын алу, науқастардың өмір сүру сапасы арттыру мен экономикалық тиімділік үшін үлкен қадам болар еді. Мониторинг жүйелерін пайдалану дағдыларын жүзеге асыру үшін көрсеткіштерін интерпретациялауды үйрету жұмыстарын жүргізу қажет. Зерттеудің мақсаты: гликемияның үздіксіз мониторингі бойынша әдебиет деректерін талдау, диабетологиядағы бақылаудың инновациялық әдісі ретінде мониторинг жүйелерінің негізгі артықшылықтарын көрсету және гликемиялық өзгергіштікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді ұсыну. Зерттеу әдістері: GoogleScholar, Medline, Elibrary, Pubmed, Web of Science, CochraneLibrary, Cyberleninka дерекқорларынан іздеу арқылы толық мәтінді дереккөздерге талдау жасалды. Зерттеу жұмыстары соңғы 5 жылдықты, яғни 2019 жылдан 2024 жылға дейін аралықты қамтыды. Сонымен қатар, реттеуші агенттіктердің вебсайттарында (IDF, FDA) іздеулер жүргізілді.