Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инновациялық қызметін талдау

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ec3/181-193
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақсаты: Зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметінің қазіргі жай-күйіне талдау жасау арқылы негізге мәселелерді айқындау, сонымен қатар алдағы уақытта отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін мемлекет тарапынан қолдаудың нақты тетіктерін және дамыту жолдарын ұсыну болып табылады. Әдісі: Зерттеу барысында салыстыру, сандық және жүйелі талдау, синтездеу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жалпылау, сараптамалық бағалау әдістері қолданылды. Қорытынды: Зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай соңғы жылдары отандық кәсіпорындар тарапынан өндірілген инновациялық өнімдердің жалпы ішкі өнімдегі үлесінде айтарлықтай өзгерістер жоқ, сонымен қатар кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі де өте төмен деңгейде өзгеріссіз қалып отыр. Инновацияларға жұмсалатын шығындардың басым бөлігі кәсіпорындардың меншікті қаражаты және банк ресурстары есебінен қаржыландырылып, негізгі бөлігі заманауи машиналарды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және басқа да күрделі өнімдерді сатып алуға жұмсалып отыр. Тұжырымдама: Қазіргі уақытқа дейін мемлекет тарапынан инновациялық дамуды қамтамасыз етуге арналған көптеген жұмыстар іске асырылды және бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Мемлекет тарапынан инновациялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында заңдар, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттар қабылданғанына қарамастан инновациялық қызметті қолдауға бағытталған қосымша нақты қолдау шараларының қажеттігі белгілі болып отыр. Себебі атқарылған шаралар ойдағыдай инновациялық дамуды көрсете алмай келеді. Сондықтанда зерттеу нәтижелері бойынша отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту, инновациялық белсенділігін арттыру үшін мемлекет қаржылық, инфрақұрылымдық және әкімшілік ықпал ету тетіктерін қатар қолдану ұсынылды.