ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КҮТІМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІЛЕРІ: ҮШ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР КҮТІМІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2024.2(55).2
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Осы зерттеу жұмысы Қазақстандағы күтім экономикасының ең аз дамыған саласы, сонымен қатар әйелдерді жұмыспен қамтуды арттыру және ел экономикасының өсуі үшін маңызды болып табылатын 3 жасқа толмаған балаларға күтім көрсету жүйесін талдауға бағышталған. Қазақстандағы бала күтімі бойынша жасалған зерттеулер, сондай-ақ бала күтімін дамыту жөніндегі үкіметтік іс-шаралар 3 жастан асқан балаларға арналған мекемелік бала күтімі қызметтеріне назар аударады. Зерттеу барысында қалалар мен ауылдарда орналасқан 500 үй шаруашылықтары арасында 3 жасқа толмаған балаларға негізгі күтім көрсететін тұлғаларға сауалнамалар және мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандармен сұхбаттар жүргізілді. Қазақстандағы бала күтімі туралы бастапқы және қайталама деректерді талдау нәтижесінде елдегі күтімнің басым түрлері, үй шаруашылықтарында бала күтімінің алуан түрлерінің таралуы мен таңдалу себептері, сондай-ақ бала күтімін жүзеге асыратын тұлғалардың қажеттіліктері анықталды. Осы зерттеу Қазақстанда 3 жасқа толмаған балаларға күтім көрсету саласының дамымағандығын және осы саланы жетілдірудің тиімді саясатын анықтау үшін ең алдымен күтім бойынша қызметтерге сұраныс пен артықшылықтардың және балаларға күтім көрсететін тұлғалар қажеттіліктерінің талдалуы қажет екендігін көрсетті. Авторлар бала күтімін жақсарту стратегиялары үй жағдайында көрсетілетін ақылы және ақысыз күтімді, сондай-ақ үш жасқа толмаған балаларға үй жағдайында ақысыз күтім көрсететін тұлғалардың негізгі қажеттіліктері ескерілуі қажеттігімен келіседі. Алынған нәтижелер мен ұсынымтар қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келетін шешімдер қабылдауды қолдау, жоғары сапалы деректер мен бала күтімі саласындағы объективті көрсеткіштерді алу және осы саланы қаржыландырудың қажетті көлемін анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл үш жасқа толмаған балаларға күтім көрсету саласын жетілдіріп, нәтижесінде гендерлік теңдіктің ілгерілуі мен елдің экономикалық өсуіне ықпал етеді. This study is devoted to the analysis of the care system for children under 3 years of age in Kazakhstan, as the least developed area of the care economy in the country, but at the same time important for increasing women's employment and economic growth of the country. Existing research on child care, as well as government efforts to develop child care in Kazakhstan, focus on institutional child care services for children over 3 years of age. The study included a survey among 500 households from cities and villages with persons providing primary care for children under 3 years of age and interviews with experts in the field of preschool education. As a result of the analysis of primary and secondary data on child care in Kazakhstan, the priority types of care in the country, the reasons for the prevalence and choice of various types of child care by households, as well as the needs of persons providing primary care for children at home were identified. This study demonstrated that the area of care for children under 3 years of age in Kazakhstan is not developed, and in order to determine effective policies to improve this area, it is necessary, first of all, to analyze the demand and preferences for care services, the needs of care providers. The authors agree that strategies to improve child care must take into account both unpaid and paid care provided in the home, as well as the basic needs of those providing unpaid home care for children under three years of age. The results and recommendations obtained can be used to support decision-making that meets the needs of society, to obtain high-quality data and determine objective indicators in the field of child care and the required amount of funding for this area. This helps to improve the provision of care for children under three years of age, and, as a result, promote gender equality and economic growth of the country.