Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында Қазақстанның климат жағдайына арналған күн сәулесін жұту пластинасының энергетикалық сипаттамасын болжайтын, энергия және масса балансына негізделген сандық модель ұсынылған. Өнімділікті арттыру үшін күн сәулесін жұту пластинасының жаңа конфигурациясы ұсынылды. Қарапайым күн сәулесінжұту пластинасы мен фазасын ауыстырғыш материалдар (PCM) күн сәулесін жұту пластинасы нәтижелерінің арасында салыстыру жүргізілді. Сандық модельдеу күн сәулесінің қарқындылығы 100 Вт/м2пен 900 Вт/м2арасында болатын континенталды климат жағдайында, кең диапазонды қоршаған орта температуралық мәндері үшін жүргізілді. Күн сәулесінің қарқындылығы мен қоршаған орта температурасы әсері қарастырылды. Ұсынылыпотырған технология келесі жүйелерге қолдануға жарамды: күн су жылытқышы, негізі ауа/жер болып табылатын күн жылу сорғысы, күн жылу энергиясын сақтау құралы. Жылу балансына негізделген есептеу алгоритмі әр түрлі конфигурациялы күн жылу коллекторының жылу сипаттамаларын модельдеу үшін қолданылады. Әртүрлі РСМ-дер алдағы зерттеулерде қарастырылады.