SPEECH DEVELOPMENT OF PRESCHOOL CHILDREN WITH GENERAL SPEECH UNDERDEVELOPMENT THROUGH GAMES

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.69927/rnhb7788
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстандағы қоғамдық өзгерістер білім беру мекемелеріне қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне себеп болды. Білім тұлғаның даму мәселелерін алға қояды және шешеді, сол арқылы қазіргі қоғам дамуының тиімді факторына айналады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтер оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнемі жаңа мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім...», - деді [1]. Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңарту мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы түбегейлі өзгерістермен қатар жүреді. Мектепке дейінгі жас – бұл белсенді даму кезеңі, оның ішінде сөйлеудің барлық аспектілерінің қалыптасуы мен дамуы – фонетикалық, лексикалық, грамматикалық. Баланың өз ойын дәйекті, нақты және дәл жеткізе білуі оның айналасындағылармен қарым-қатынас жасауы және оқуда одан әрі табысқа жетуі үшін қажетті шарт болып табылады. Зерттеудің мақсаты: СТЖД 3-4 жастағы балалардың сөйлеу әрекетін дамытуға арналған ойындарды пайдалана отырып, бірқатар іс-әрекеттерді теориялық тұрғыдан негіздеу және дамыту. Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау, құжаттаманы зерттеу, педагогикалық эксперимент. Қорытындылай келе, СТЖД 3-4 жастағы балалардың сөйлеу әрекетін дамыту құралы ретінде ойынды қолданудың әсері теориялық тұрғыдан негізделіп, дәлелденді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері, сөйлеу тілі жалпы дамымаған бастауыш мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалып алынған ойындарды дефектологтар балалардың сөйлеу әрекетін дамыту тиімділігін арттыру үшін оқу-тәрбие процесінде пайдалана алады.