МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.004
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада мектеп географиясы пәнінде туризм мен өлкетануды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Туризм мен өлкетану оқушылардың географиялық білімі мен мәдени және табиғи мұраларды түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Авторлар гиподинамияның алдын алу, оқушыларды белсенді зерттеу қызметтеріне тарту және олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру үшін туризм мен өлкетанудың рөлін атап көрсетеді. Мақалада экскурсиялар, далалық зерттеулер мен жобалық қызметтерді қолдану арқылы оқушылардың географиялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру мәселелері талданады. Өлкетану мен балалар туризмі оқушылардың туған өлке туралы білімдерін арттырумен қатар, олардың физикалық, зияткерлік және рухани дамуына маңызды ықпал етеді. Мақалада Қазақстандағы мектептерде өлкетану мен балалар туризмінің рөлімен маңыздылығы айқындалған. Балалар табиғат пен мәдениетке жақындау арқылы патриоттық сезімдерін нығайтып, өмір бойы қажетті дағдыларды игереді. Бұл қызметтер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың табиғатқа және қоғамға деген көзқарастарынқалыптастырады. Мектептегі өлкетану жұмыстары оқушыларды зерттеушілік дағдыларға, ұжымдық жұмысқа және экологиялық мәдениетке тәрбиелейді.