ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА HYPERCHEM БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада органикалық химияны оқытуда қолданылатын негізгі компьютерлік бағдарламалар, олардың функциялары, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады. Көміртек қосылыстарының құрылысы мен қасиеттерін зерттейтін органикалық химия химияның негізгі пәндерінің бірі болып табылады. Органикалық молекулалардың күрделілігі мен жан-жақтылығы оларды талдау және түсіну үшін тиімді құралдарды қажет етеді. Соңғы онжылдықтарда компьютерлік бағдарламалар органикалық қосылыстарды визуализациялау, модельдеу және талдау үшін қуатты құралдарды ұсына отырып, осы салада оқыту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Компьютерлік бағдарламалар арқылы оқыту оларға күрделі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді, химиялық құрылымдарды нақты тәсілдермен суреттейді және химиялық принциптер туралы түсініктерін арттырады.Мақалада толығырақ тоқталатын HyperChem бағдарламасы студенттерге есептеу нәтижелерін түсіндіруге және реакция механизмдері туралы қорытынды жасауға мүмкіндікберетін аналитикалық дағдыларды дамытады. Спектроскопиялық деректерді біріктіру қабілеті бұл құралды тек теорияның негізінде ғана емес, сонымен қатар органикалық химия тәжірибесін түсіну үшін де қажет.Осылайша, HyperChem-ді органикалық химияны оқытуда қолдану нағыз өнерге айналады, мұнда әрбір өзара әрекеттесу, әрбір молекула және әрбір реакция мағынаға толы. Бұл бағдарлама ғылымды түсініп қана қоймай, оны ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарда жаңа көкжиектер ашатын химиктердің жаңа буынын қалыптастырады. МақаладаHyperChemбағдарламасын қолданудың негізгі аспектілері, оның ішінде оның функционалдығы, оқытуда қолданылуы және болашақ зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтауды қарастырады.