АВТОКӨЛІКТІҢ ТОПЫРАҚҚА, ӨСІМДІККЕ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНА ӘСЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Алматы қаласындағы автокөліктердің топырақты, өсімдіктерді ластауы және топырақ жануарларына әсері бойынша зерттеу нәтижелері берілді. Зерттеубарысында автокөлік көп жүретін көшелердің маңындағы топырақ жамылғысының, өсімдіктерінің сынамалары зерттелініп, биоиндикатор ретінде топырақта мекендейтін топырақ омыртқасыздарының сандық және сапалық құрамына зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында зерттеу сынамаларындағы ауыр металдар мөлшері атомдық-адсорбциялық спектрофотометр көмегімен анықталды. Қалада автокөліктер саны жыл санап артуда, бұл автокөліктердің жұмысы нәтижесінде атмосфераға бөлініп шығатын ластағыштардың мөлшерінің де артып, өсімдіктер мен топырақ жабынын да ластануына алып келеді. Зерттеу нәтижесінде Алматы қаласының өсімдікүлгілерінде мырыш, қорғасын, мыс, кадмийдің мөлшерлері анықталды. Бұл анықталған ауыр металдардың ішінде мырыш пен қорғасынның мөлшері өте жоғары. Жол маңынан алынған топырақтарда микроартроподтар мүлдем кездеспейтіндігі анықталды, микроартроподтар мен мезофауна топырақтың ластануының индикаторлары болғандықтан, олардың топырақ үлгілерінен табылмауы топырақтың ластанғандығының дәлелі болып табылады. Зерттеу нәтижелерін Алматы қаласының ластануы және ластанумен күрес жүргізу бойынша зерттеу жұмыстарына әдістемелік негіз ретінде пайдалануға болады.