МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢДАМУЫНДА РӨЛДІК ОЙЫННЫҢМАҢЫЗЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2024.78.3.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада нашар көретін балалардыңдамуы үшін рөлдік ойынныңмаңыздылығы, ойын ортасын құру қарастырылады. Нашар көретін балалардыңқоршаған әлемді қабылдау ерекшеліктері, сонымен қатар рөлдік ойындарды пайдаланушылардыңосы санатына қарай бейімдеуге болатындығы талданады. Әртүрлі рөлдерді ойнау арқылы балалар өздерініңәлеуметтік дағдыларын жақсартады, қиялы мен шығармашылығын дамытады және өз-өзіне сенімділігі артады. Нашар көретін балалар үшін рөлдік ойын әлеуметтік жағдайларды жақсы түсініге, қарым-қатынасты жақсартуға және қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға көмектесетін құрал бола алады. Мақалада нашар көретін балалармен жұмыс жасауда рөлдік ойынды сәтті пайдалану мысалдарын талқыланады. Мақала инклюзивті тәжірибелер саласындағы мамандарға, сондай-ақерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қолжетімді шешімдерді жасауға мүдделі ойын мазмұнын жасаушыларға пайдалы болады.