Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы қазақтарының тіліндегі дәстүрлі сөзсаптам бірліктері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph3/31-40
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ тілінің Қазақстан жеріндегі сөйленістерімен бірге өзге аймақтарда, өзге тілдік ортада өзіндік жазбаша да, ауызша да әдеби нормаларын қалыптастырып, өз бетінше дамып келе жатқан бөлігін тек сөйленіс, диалекті дегеннен гөрі аймақтық тіл деп атау керектігі отандық ғалымдар тарапынан анықталып қойған. Мұның мысалы ретінде өз жазуы, сөйлеу тілі негізінде нормаланған аймақтық әдеби тілі қалыптасқан Монғолиядағы, Қытайдағы қазақтардың тілін келтіруге болады. Мақалада Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы қазақтарының тілі қазақ тілінің аймақтық тілі ретінде зерттеу нысанына алынып, осы өңірдегі тілдік ерекшеліктер лексика, фразеологиялық және сөзжасамдық деңгейде талданған. Талдауға Баян-Өлгей аймағына жасалған ғылыми экспедиция материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, баяндамада тілдік ерекшеліктердің қалыптасуына әсер еткен факторлар да қарастырылған. Атап айтқанда, тілдік ерекшеліктердің қалыптасуына әсер еткен тарихи-мәдени, әлеуметтік-саяси, білім беру секілді факторлардың әсері де сөз болады.