4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МӘТІНМЕН ЖҰМЫСТА ОҚЫЛЫМ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/1728-7804.2023.14.1.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқылым стратегияларын қазақ тілі пәнінде мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау кезінде оқушыларға қолдану тиімді және нәтижелі көрініс табуда. Бұл мақалада оқылым стратегияларының мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау кезінде 4 сынып оқушыларына қолдану тиімділігін көрсетеді. Сондай-ақ мақалада оқылым стратегиялары дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Мәтінмен жұмыс кезеңдерін қандай стратегиялар арқылы жүзеге асыруға болады? “Қазақ тілі” пәні бойынша оқу бағдарламасындағы “оқылым стратегияларын қолдану” бөлімшесін қандай мақсаттармен жүзеге асырамыз? Оқыту барысында қандай әдіс –тәсілдерді тиімді қолдануға болады? деген сұрақтарға жауап аласыздар. Мақала барысында мәтінмен жұмыс жасаудың үш кезеңі қарастырылды: мәтінге дейінгі кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтіннен кейінгі кезең. Оқушылар мәтінді қалай салыстырады, мәтіндегі қандай негізгі ақпараттарды игереді және негізгі ойды анықтай алу мүмкіндіктері осы оқылым стратегиялар арқылы көрсетілді. Сондай-ақ, мақалада оқылым стратегияларының түрлеріне нақты шолу жасалған. Әрбір оқылым стратегияларына талдау жасалынып, стратегиялардыңөзіндік ерекшелігі мен мәтіндерге қолдану аясы мен маңыздылығы талданды. Қорытындыда оқылым стратегияларын 4 сынып оқушыларына мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау дағдыларын қалыптастыру үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдану маңызды.