ТАРИХ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН, ДӘУІР, САТЫ, КЕЗЕҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ОРНЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда қай ғылым саласын алсақ та, қазақ терминологиясында жарыспалы қолданылып жүрген терминдер қатары өте көп. Соның бірі тарих ғылымы терминологиясы. Терминология ғылымында терминдерге қойылатын басты талаптың бірі терминдерді бірізді қолдану. Егер терминдер бірізді қолда-нылмаса, зерттеу еңбектерін жазушы да, оны оқушы да, сондай-ақ, осы сала бойынша оқулық түзуші де, білім алушы да тиісті деңгейде ақпараттана алмайды. Бұл мәселе мақаламыздың өзектілігін көрсетеді. Мақалада зерттеу еңбектерде, оқулықтарда жарыспалы мәнде қолданылып жүрген кейбір термин-дерді, атап айтқанда, заман, дәуір, саты, кезеңбіріздендіруге талпыныс жасалынады. Мақала жазу бары-сында осы бірліктерге талдау жасалған, шетелдік, отандық ғалымдардың ғылыми дәйектеріне, тұжырым-дарына талдау жасалынады. Авторлар нақты тарихи деректер, лингвистикалық аргументтер келтіре отырып, өзіндік тұжырымдарын ұсынады. Заман, дәуір, саты, кезең ғылыми атауларының терминдік мағыналарын ажыратып, әрқайсысына дефиниция береді.Мақалада қазақ терминологиямәселесіне ғылыми көзқарастар мен негізгі ұстанымдар жүйеленген.Сонымен қатар терминдерге қойылатын басты талаптардың бірі терминдерде бірізділік болуы қажет екендігі талданған. Қазақ терминологиясы өзінің даму тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Оның осы даму тарихын, терминтанудың ғылым ретінде қалыптасу жолын, ұлттық терминдер қорын жасауда ұстанатын бағыт-бағдар, ұстанымқағидаттарды анықтау, терминологияның өзге де көптеген ғылыми-теориялық, практикалық мәселелерін жан-жақты зерттеуде мақаладағы ғылыми талдаулар үлкен үлес қосары анық.