ШӨГУГЕ БЕЙІМ ӘЛСІЗ ТОПЫРАҚТАН САЛЫНҒАН ЖОЛ ҮЙІНДІЛЕРІНІҢ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ ЫҒЫСУЫН ТОҚТАТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-131-2-89-103
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада, теміржол құрылысындағы әлсіз топырақтан салынған жасанды құрылыстардың жауын-шашын, пойыз қозғалысы мен осьтік жүктеменің артуы және теміржол үйінділерінің әртүрлі биіктігіне байланысты туындайтын вертикальды жылжу процестерін тоқтатудың тиімді әдісі, әлсіз негіздегі үйінділердің кернеулі-деформацияланған жай-күйін есептеу, элементтердің соңғы беріктігінің сандық әдісін бағдарламалық кешенде қолданудың моделдері мен есептеулері, нақты эмфирикалық мәліметтермен келтірілген. Сондай-ақ есептік модельдерде қуаты 1 м және 6 м әлсіз негіздегі, биіктігі 1-3-12 м үйінділердің жұмысы қарастырылған, бұл Қазақстан өңірлеріндегі әсіресе, теміржол тасымалы артқан, Қытай Халық Республикасы «Алашанькоу-Алматы» бағыты арасындағы жолдардың, әлсіз негіздегі үйінділері биіктігінің барлық негізгі диапазонын және әлсіз негіз қуаттарын ескере отырып, Қазақстан темір жолдарының жер төсемінің әлсіз негізін нығайту үшін іс-шаралар әзірлеу, сазды топырақтардың деформациялық сипаттамаларына және темір жол үйінділерінің кернеулі-деформацияланған жай-күйіне статикалық, вибродинамикалық жүктемелердің әсерін зерттеу, практикалық, зертханалық деңгейде жүргізіліп, әлсіз негіздегі үйінділердің кернеулі-деформацияланған жай-күйін есептеу, топырақтың сүзгіштік консолидациясын және уақыт факторын есепке алмай, авторлар әзірлеген элементтің соңғы беріктігі- модельдерімен, әлсіз негіздегі үйінділер нұсқаларының кернеулі-деформацияланған күйінің жаппай есептеулері орындалып, нақты дәлелдермен инженерлік шешімдер ұсынылды.