КӘДІМГІ КИІКОТЫ (ORIGANUM VULGARE L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЭКТРАКТТАР АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.33.93.041
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Еліміздің фармацевтика нарығында табиғи тектес дәрілік өсімдік шикізаттарынан алынатын өсімдік текті препараттар үлесін көбейту үлкен қызығушылық туғызып отыр. Бұл мәселені шешудің жолы жан — жақты зерттеу және жергілікті табиғи шикізатты ұтымды пайдаланудың көмегімен жүзеге асады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы синтетикалық шикізаттармен салыстырғанда табиғи шикізаттың қолжетімділігі мен арзандығын ілгерлету қажет. Осы орайда кәдімгі киікоты (Origanum vulgare L.) өсімдіктің шикізат қоры да жеткілікті. Бұл мақалада кәдімгі киікоты (Origanum vulgare L.) өсімдігінің жер үсті бөлігінен ультрадыбыстық және циркуляциялық (Сокслет аппаратымен) экстракция әдістерімен құрғақ экстракттар алынды. Кәдімгі киікоты (Origanum vulgare L.) — ДӨШ алынған экстракттардың химиялық зерттеулері газды хроматография масс-спектрометрия әдісімен анықталынды. Нәтижесінде Сокслет аппараты арқылы алынған экстракттың химиялық құрамында 71 қосылыс, ультрадыбысты әдіспен алынған экстракт құрамынан 35 қосылыстар анықталды. Экстракттың шығымы және фармакологиялық әсері жоғары биологиялық белсенді заттардың жоғары болуына байланысты Сокслет аппараты арқылы алынған экстракт белсенді болып танылды.