ТІЛ БИЛІГІ ФИЛОСОФИЯСЫ: ЛИНГВОЦЕНТРИСТІК ДИСКУРС

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v99i1.407
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тіл философиясы аясында тіл билігі контексіндегі тіректік мәселесіне назар аударылады. Соның бірі – адам үшін тілдің бастамалық позициясын, яғни адамға жүргізілетін тіл билігінің лингвотектік бастау көзін анықтау мақсаты көзделеді. Бұл ретте біз – «әлемнің тілдік бейнесі», «адамның сөзі – өзі» ұстанымдарына негізделе отырып, отандық ғылымда мемлекеттік тілде алғаш рет адамға қатысты тіл билігінің лингвоцентристік, яғни тілдің объективті болмыстық табиғатына сүйене келе, оған ғылыми теориялық тұрғыда талдауға қадам жасалады. Бұл бүгінгі постмодерндік ыңғайдағы адамзатының сана трансформациясынан хабар бермек. Осы тұрғыдан келгенде, тіпті қазіргі заманғы білім беру жүйесін де философиялық таным призмасы тұрғысынан қайта қарау тенденциясы қалыптасуда. Тілдің өз сөйлеулеріне жүргізетін үстемдік ету мәселесі мақаланың негізгі арқау мәселесі болып отыр. Сол себепті, біз көтеріп отырған мәселенің бастауында тұратын феноменнің бірі – тіл билігінің лингвоцентристік тамыры болмақ. Аталмыш мақала тіл билігінің лингвоцентристік тамырлы астарларын ажырата отырып, сараптауға бағытталады.