БІЛІМ БЕРУДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63034/esr-84
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада білім беру жағдайында болашақ педагогтың цифрлық құзыреттілігінің психологиялық құрылымы қарастырылады. Цифрлық құзыреттілікті түсіндірудегі зерттеушілердің ұстанымдарына шолу. Кәсіби басымдықтарды ескере отырып, цифрлық құзіреттілік компоненттерінің оңтайлы тізімі анықталды: қауіпсіздік, жауапкершілік, ақпаратпен жұмыс. Зерттеудің мақсаты – цифрлық құзіреттіліктің құрылымдық компоненттерінің даму деңгейін зерттеу. Зерттеу объектісі – ақпаратпен жұмыс істей білу. Зерттеу Қ.Жұбанов атындығы Жоғарғы колледж. Зерттеу әдістері жалпы педагогтар мен ата-аналар, жасөспірімдер арасындағы цифрлық құзреттілікте ғаламторды пайдалану көрсеткіштері. Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті болашақ педагогтың білім беруде цифрлық құзыреттілігінің базалық құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қалыптасу деңгейі зейінді дамыту көрсеткіштерінің (концентрация, ауыспалылық, тұрақтылық, ойлау икемділігі, ақпаратты талдау және өңдеу қабілеті) жиынтығымен анықталады деген қорытындыға келеді.