БҰҚАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ СИНКРЕТТІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-15
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада авторлық ауыз әдебиеттің көрнекті өкілі Бұқар жырау Қалқаманұлы поэзиясындағы синкреттіліктің көріну сипаты қарастырылады. Жырау шығармашылығындағы көтерілген түрлі мәселелер ғылыми тұрғыдан тақырып аясында талданады. Бұқардың болмысына сіңген кеңесші, болашақты болжаушы, нұсқау беруші, татуластырушы, тарихи оқиғаларды жеткізуші, өмір мәнін түсіндірудегі шеберлігі және хан мен халық арасын байланыстырушы сынды қасиеттер синкретті өнердің бөліктері саналып, толғауларымен сабақтастыра зерделенеді. Синкретті өнер ұғымын ашуда жырау бойындағы қасиеттер негізге алынады. Бұқар шығармашылығы бізден бұрында көп зерттелді, жан-жақты талданды. Ал жыраулық өнер қалыптастыруда Бұқар толғауларының ішінен синкреттілік ұғымына сиятын қасиет пен құндылықтарды қалқып алып оқырманға жеткізу – зерттеу мақаламыздың жаңашылдығын көрсетеді. Жыраулар синкретті өнер қалыптастырды. Бұқар жырау қалыптасқан өнердің ең бір беделді тұлғасына айналды. Синкреттілік дегенімізді жыраулық өнерге қатысты етіп, мәнін ашатын болса – бір жыраудың бойында бірнеше қасиеттің болуы. Жауынгерлігі мен кеңесшілігі, болжампаздығы мен өмір мәнін түсіндірудегі қайраткерлігі, импровизаторлығы мен әділдігі сынды ұғымдар жыраулық өнерді синкретті өнерге айналдырды. Мақала ғылыми тұрғыдан талданып, зерттеушілердің пікірлері негізге алынады. Бұқар жырау шығармашылығындағы синкреттілікті анықтауда мысал ретінде алынған толғауларының тарихы түсіндіріліп, тұжырым жасалынады.