Қытай және қазақ тілдеріндегі тыйым сөздердің лингвомәдени сипаты

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-136-3-8-16
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Дүниежүзіндегі қай халықтың тілі мен дәстүрлі мәдениетін алсақ та, дерлікбәрінің тілі мен салт-дәстүрінде, адамдардың күнделікті қарым-қатынасын,коммуникациясын, пікір-алмасуын ерекшелендіріп, реттеп отыратын тыйым сөздеряғни табу сөздерді кездестіреміз. Бұл мақалада қазақ және қытай халықтарының тіл,мәдениет, тарих, діни сенім-нанымдары ескеріле отырып, лингвомәдениеттануғылымының ұстанымдары тұрғысынан тыйымсөздердің қолданылу ерекшелігісалғастырыла қарастырылады. Қытай және қазақ тілдеріндегі тыйым сөздер қоғамдықөмірдің барлық саласын қамтитындықтан, тыйым сөздерді аталған екі тілде өзарапікірлесуге, аударма барысында дұрыс пайдалануға, екі ел халықтарының өкілдеріарасындағы диалогтың ақаусыздығына, тіпті ұлт болмысын айқындауына мүмкіндікбереді. Сонымен бірге тілдегі тыйымсөздерді салғастыра қарастыру тіл үйренушілергекездесетін кедергілердің де алдын алуға көмектесетіні айқындалады. Дәйектімысалдармен этнолингвистикалық құбылыстың біріне айналған тыйым сөздердіңқолданылу аясы мен қолданылмайтын жағдайлары ашып көрсетіледі. Атап айтқанда екітілде де тыйым салынған сөздерді қолданудың жалпы сипаттамалары діни сенімнаным, психологиялық және физиологиялық тұрғыдан салыстырылады. Қазақ жәнеқытай тілдеріндегі тыйым сөздерді тілдік ерекше категория ретінде ала отырып,олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері, өзара ұқсастықтары түрлі мысалдарарқылы қарастырылады