Аңдатпа
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларыныңтағылымды ғұмырын, әдеби мұрасы мен сан қатпарлы іргелі ғылыми еңбектерін зерделеуөзекті сипат алуда. Ұлттық жаңару мен жаңғырудағы Алаш кезеңі қазіргі тәуелсіздіккеқол жеткізудегі белесті кезең болса, осынау тарихи үрдісте реформатор тұлға АхметБайтұрсынұлының шығармашылығы ерекше маңызға ие. Сондықтан да ұлт ұстазыныңсан салалы мұрасын әр қырынан қарастыру үрдісі толастамақ емес. Мақалада Алашардақтысының нақыл сөздері сараланып, ағартушылық кезеңнің рухын айқындаудағыөзектілігі байыпталды. Нақыл сөздері – ояну дәуіріндегі рухани және саяси күрестегіелшілдік рух, ұлтшылдық сезім, мемлекетшілдік сана көрінісінің қайнары болғаныайқындалды. Сол арқылы санаткердің сан қатпарлы шығармашылық тұлғасы, қоғамдықсаяси және мемлекеттік қызметін танудағы нақыл сөздерінің алар орны екшелді.Қазақтың саяси теңдігіне, рухани кемелдігіне ғұмырын арнаған ағартушының оқу-ағарту,өнер-білім, ғылым хақындағы нақылдарымен қатар халқын жаһитшылдыққа, кәсібибіліктілікке баулыған толғамдарының маңызы бағамдалды. Қазақ тіл білімі жәнеәдебиеттануының негізін қалаған тұлғаның ана тілі, тіл лұғаты, сөз өнері хақындағынақыл сөздерінің құндылығына екпін жасалды. Ұлттық жазу реформаторының тілоқытудың әдістемелік мәселелері, әліпби тұғырнамасы туралы нақыл сөздерінің қазіргіотандық білім беру қағидаттарын ұштаудағы өміршеңдігі бағаланды. Қазақ кәсібипублицистикасын, журналистикасын қалыптастыруға тарихи еңбек еткен қаламқайраткерінің газет, көсемсөз табиғатын байыптаған нақылдарының тереңдігі талданды.А.Байтұрсынұлының қазақ тілімен қатар орыс тіліндегі мақала, баяндамаларындағынақыл сөздері ой-өріс кеңдігі, дүниетаным тереңдігімен ерекшеленетіні дәйектелді.