М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2021-137-4-60-69
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тілдік құралдардың лингвомәдени сипаты қарастырылған. Көріктеуіш құралдар қай ұлттың әдеби тілінде болсын негізгі сөздік қорына, сөз қолданушеберлігі, яғни шешендік өнерінің дамуы мен сол ұлт тілінің ақпараттарды жеткізумүмкіндігіне байланысты түзіліп қалыптасады. Оның өзгешілігі халықтың айналадағыдүниені көркемдік ой-сезіммен қабылдауына, яғни бейнелі ойлау жүйесіне, оның алуантүрлі болып келуіне байланысты. Қазақ тіліндегі көріктеуіш құралдардың жалпы табиғатын, көркем туындыда (мәтінде, мәнмәтінде) қолданылу ерекшеліктерін жәнеқолданылуының себептерін анықтау барысында олардың құрамындағы әрбір тілдікбірліктің мағыналық құрылымын, семантикасын, тіркесімділік қабілетін, тіркескенсөздің семантикалық интерпретациясын, тіркесім құрамындағы мазмұндық семантикалық қатынастарды зерделеу маңызды және қажетті. Бұл арқылы мәтін авторының лингвистикалық және лингвомәдени құзыреттілігінің деңгейін бағамдауға болады.