ЖҮК АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ АМАЛДАРЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-128-5-62-70
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы он жылдықта Қазақстан жаһандық интеграциялық процестерге белсенді қатысуда. Экономикалық интеграцияның маңызды элементі қызмет көрсету деңгейі жоғары жүктер мен жолаушыларды ішкі және транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ететін тұрақты көлік инфрақұрылымы болып табылады. Бірақ республика экономикасы автопаркінің жүк автомобильдерінің жас құрылымы: 3 жасқа дейін - 3,2%, 3 жастан 7 жасқа дейін – 10,3%, 7 жастан 10 жасқа дейін – 7,1%, 10 жастан 20 жасқа дейін-79,0% және 20 жастан асқан-0,4 %. Сондықтан отандық жүк автокөліктерін пайдалануда өмірлік циклін қамтамасыздандыру мәселесі бар. Мақалада келтірілген мәліметтер зерттеудің жалпы әдістемесін қолдануға негізделген, онда орындалған жұмыстар мен зерттеулерді талдау, аналитикалық зерттеулер әдістемелері қолданылған. Жұмыстың ғылыми жаңалығы отандық көлік компанияларына өндіруші ұсынған автомобильдің белгілі бір маркасының барлық техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін толық пайдалану амалы ұсынылады.