Аңдатпа
Мақалада аналитикалық хабарларға ғылыми тұрғыдан сараптама жасалынады. Алдымен, аналитикалық хабарлардың жалпы табиғатын аша отырып, жанререкшеліктері мен оларға қойылатын талап пен талғам таразысы талқыға салынған.Аналитикалық хабар дайндаушы журналистің объективті және субъективті позициясы нақты мысалдар мен теориялық тұжырымдар негізінде талданады. Билік пен қоғамарасындағы қарым-қатынастар сипатының аналитикалық хабар жазу, дайындау барысындағы әсер-ықпалы да назардан тыс қалмайды. Аналитикалық хабарлардың қоғамдықпікір қалыптастырудағы маңызы мен қажеттілігі де мақала барысында ғылыми тұжырымдар негізінде көрініс тауып отырады.