АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН ХАТҚА ТҮСІРУ: СӘДУАҚАС ШОРМАНОВ ҚОЛЖАЗБАСЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.4-03
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Абай шығармаларының қолжазба нұсқалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу абайтануда арнайы ғылыми бағыт түзген сала десек те, бұл мәнде түбегейлі бірізді мәтіннамалық негізде әлде де мақсатты жұмыстар күн тәртібінде тұр. Абай өлеңдері Мұхтар Әуезов деректері бойынша 1896 жылдан бастап арнайы көшіріліп, жиналған. Сонымен бірге бірқатар ақын өлеңдері 1897 жылдың өзінде арнайы басылымдарда басып шығару үшін Орыс Географиялық қоғамына жеткізілді. Осы шаруаға Абай елімен араласып тұрған, өз уақытының ілгерішіл адамының бірі Сәдуақас Шорманов қолжазбасының қаншалықты қатыстылығы әлі де беймәлім. Сәдуақас Шормановтың Абайдың 17 өлеңі көшіріліп жазылған қолжазба жинағының қысқаша дерегі бар және оның сипаттамасы жасалған. Абайдың 2020 жылы жарық көрген үш томдық толық академиялық басылымында (1-том) жекелеген өлеңдер Шорманов қолжазбасымен салыстырылып, мәтіндік айырмашылықтары көрсетіліп берілді. Осы бағытта Сәдуақас Шорманов қолжазбасындағы мәтіндік нұсқаны Абай мұрасының басқа көшірмелері, баспа жүзін көрген жинақтардағы мәтінмен арнайы салыстыра отырып тұтас текстологиялық зерттеуге тарту қажеттілігі бар. Не дегенде де, Шорманов нұсқасы – Абай өлеңдерінің хатқа түскен, осы күнге сақталып жеткен алғашқы дерегі. Бұл қолжазбаның Абай шығармаларының түпнұсқа мәнді көшірмелері саналып отырған Мүрсейіт Бікіұлының 1905 (1906), 1907, 1910 жылдардағы қолжазба жинақтарынан ілгергі уақытта хатқа түскендігі оған белгілі бір деңгейде түпнұсқалық мәртебе беретіндігі тұрғысында арнайы мәтіндік сараптама жасау өзекті.