Аңдатпа
Қазақстанда ауаның ластануы өзекті мәселелердің бірі. Әлемдегі ауаның ластану деңгейінің жоғары деңгейіне ие, ал кейбір қалаларда ауа сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан 10 есеге дейін асып түседі. Қазақстандағы ауаны ластаудың негізгі көздеріне өнеркәсіптік шығарындылар, көліктер шығарындылары, көмір мен биомассаның жануы және құрылыс алаңдарының шаңдары жатады. Ауаның ластануын азайту бойынша шаралар қолдануда, соның ішінде көліктер үшін шығарындылардың қатаң стандарттарын енгізу және ауа сапасын қамтамасыз ететін ұлттық іс-шаралар жоспары құрылған. Аталмыш мақалада ауаның ластануын модельдеу және оның сапасына баға беру үшін интеллектуалды әдістерді зерттеу және қолдану мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – интеллектуалды әдістерді қолдану негізінде ауа бассейнінің ластануын модельдеу. Интеллектуалдық әдістер қолданылып, ауаның ластану концентрациясын болжау үшін үздіктері анықталды. Decision Tree және Random Forest машиналық оқыту алгоритмдері классификатордың ең жоғары, яғни 91% дәлдігіне қол жеткізді.