КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/jtcj3179
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Корея Республикасында зейнеткер жасындағы адамдардың еңбек етуге қатысуын арттыру мақсатында егде жастағы адамдарға қосымша білім берудегі үкімет тарапынан қолдау тапқан жобасы туралы айтылады. Оңтүстік Кореяда халықтың көбею төмендеп, қартаю үдерісі дамыған сайын, еңбекке қабілетті халық саны азаю ел экономикасының тұрақты дамуыны кедергі келтіруде. Үкімет жұмыс жасайтын адам тапшылығын жою мәселесін шешу және әлеуметтік шығындарын қысқарту үшін бір жолы ретінде белсенді еңбек етушілер қатарына жасы егде тартқан және зейнетке шыққан адамдарды тұрақты жұмысқа тарту жолы арқылы қарастырып отыр. Мұндай жағдайда билік үшін егде жастағы адамдарды жаңа еңбек нарығының талаптарына сай біліктілігі мен дағдыларын арттыру, қайта даярлау маңызды саналады. Сондықтан да Оңтүстік Кореяда ересектерге білім беру - бұл мемлекеттің стратегиясы әрі нарық талабы. 2016 жылдан бері Сеул қаласында егде жастағыларды әлеуметтік қамсыздандыру мен оларға білім беруді қолдау бойынша жаңа бағдарлама іске қосылды. Ол Сеул 50+ бағдарламасы арқылы қаладағы түрлі кампустар мен қоғамдық орталықтардың кешенді инфрақұрылымынан, сондай-ақ әртүрлі бағдарламаларды қадағалайтын және мүдделі тараптардың қарым-қатынасын басқаратын қордан тұрды. Сондай ақ бұл іс шара орта буынның еңбекке араласу арқылы салауатты және белсенді әлеуметтік өмірі мен кәрілігін қолдау үшін де құрылған.