КЕСКІНДЕГІ ҚОЛТАҢБАНЫ ТАНУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-126-3-214-221
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі әлемде баспа құжаттарын жасау процесі әрқашан олардың түпнұсқалығын растайтын элементтермен бірге жүреді. Осы элементтердің бірі жеке тұлғаның қолы және заңды тұлғаның мөрінің бедері болып табылады. Баспа құжатындағы қолды тексеруді қолжазба бюросында жұмыс істейтін арнайы дайындалған маман жүзеге асырады. Тексеру процесінің өзі көп уақытты қажет етеді және негізінен қолмен жүзеге асырылады. Биометриялық жүйелер нарығында графикалық планшеттер арқылы қолтаңбаны тексеруге арналған көптеген бағдарламалар бар. Олар қолтаңбаның белгілі бір учаскілерінде әртүрлі жазу сипаттамаларын қолданады және нәтижелері бойынша қолтаңбаның түпнұсқалығын анықтайды. Бұл бағдарламалардың басты кемшілігі-құжаттағы қолтаңбаны тексеру мүмкін емес. Бүгінгі таңда суреттерді тану және сәйкестендіру мақсатында салыстырудың көптеген әдістері бар, оларды құжаттардың түпнұсқалығын тексерудің автоматтандырылған жүйесінде қолдануға болады. Осындай әдістердің бірі - шаблондардың әрқайсысымен кескіннің корреляциясын есептеу. Есептерді шешу үшін кіріс кескінінің үлгілердің әрқайсысымен корреляциясы есептеледі, содан кейін алынған корреляциялық өрістер талданады.