ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БРЕНД АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/xmna1500
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тіл ұлттың болашағы, тіл арқылы «қазақтың» болмысы сақталатындығы белгілі. Сондықтан әрбір қазақ тілі маманы тілдің өміршеңдігіне ықпал ететін барлық факторларды ескере отырып, өз үлесін қосқысы келеді. Жас ұрпақтың ана тілінің табиғатын толық біліп шығуына көмектесетін, мектеп қабырғасында оқушының он бір жыл бойы оқитын незігі пәні, «Қазақ тілінің» алатын орны ерекше. Бұл мақалада «ұлттық құндылықтар, тілдің табиғи ерекшелігін, болмысын сақтауға көмектесетін түрлі тапсырмалар қазақ тілі оқулықтарында қамтылуы міндетті ме?» және оқушының бойында қалыптастыратын дағдылардан бөлек, құзыреттіліктердің ішінде лингвомәдени құзыреттіліктің қаншалықты қажеттілігі бар екендігі жазылған. «Ұлттық брендтер арқылы лингвомәдени құзыреттілікті арттырудың тиімділігі қаншалықты?» деген сұрақтарға да жауап ізделеді. Аталған мәселені шешуде теориялық талдау, салыстырмалы-тарихи және сипаттау әдістері қолданылды. Лингвомәдени құзыреттілікті дамыту үшін түрлі әдістер ұсынылды. Көнерген ұлттық атауларды да жаңғыртып, брендке айналдыру мүмкіншілігінің бар екендігін, ал бренд болу үшін ол заттың қолданысын күшейтіп, тиімділігі мен қажеттілігін көрсету керектігі жайында жазылады. Оқушының бойында ұлттық брендтер арқылы лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру тілдің жасампаздығы мен өміршеңдігіне және жас ұрпақтың ана тілінің құндылығын бойына сіңіріп өсуіне септігін тигізеді деген тұжырым жасалды.