Аңдатпа
ЖОО-на түсу кезінде талапкер үшін ең жақсы мамандықты таңдаудың көп өлшемді мәселесін шешу үшін модульдік принцип бойынша шешім қабылдау процестерін бөлуге негізделген сараптамалық жүйенің білім базасын құру әдісі ұсынылады. Мамандық таңдаудың көп критериалды міндеті қоса қарастырылады. Және эксперттік жүйе IDEF технологиясы базасын құру негізінде күрделі әлеуметтік міндеттер класына жататын мамандық таңдаудың көп өлшемді міндеті шешіледі. Зерттелетін тапсырма факторлармен сипатталады. Көп өлшемділік мәселесі және одан да көп баламалар шешіледі. Бұл жұмыстың нәтижелерін қоғамға өз пайдасын тигізгісі келген болашақ білікті маман иелері қолдана алады. ЖОО түсуге үміткерге мамандықты таңдау үшін сараптамалық жүйенің білім базасын құру әдістерін талданады және зерттеледі.“ЖОО-на түсу барысында мамандықты таңдау” эксперттік жүйесін құру үшін құрылымдық тәсілді пайдалана отырып, пәндік саланы талдау және модельдеу жүргізіледі.