Аңдатпа
Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) туындау шарттарына талдау жүргізу барысында, жүргізуші – автомобиль – жол (ЖАЖ) жүйесінің автомобильдің белсенді қауіпсіздігін және жылдамдық пен өткізу қабілеттілігін арттыруға бағытталған жол инфрақұрылымын жақсарту жалпы ЖАЖ жүйесінің белсенді қауіпсіздігін арттырмайтыны көрсетілді. Аталған шаралар автомобильді қауіпсіз басқару шегінен асыруға мүмкіндік береді. Қозғалыс қауіпсіздігін сипаттайтын автомобильді басқару сапасының сандық көрсеткіштері анықталды. Қозғалыс қауіпсіздігінің жол учаскелеріне сәйкес келетін автомобильді пайдалану сапасы параметрлерінің мәндері анықталып ұсынылды. Автомобильді басқару кезінде қауіпсіз басқару параметрлерін жүргізушілерге ақпаат ретінде және құзыретті органдарға қозғалыс режимдерінің қауіпсіздігін бақылау үшін және осы параметрлерді автомобиль-жүргізуші жүйесінің (АЖЖ) ақпарат аумасу құралы ретінде пайдалануға болады.