БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОҚУ МЕН ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2022.2518-1467.303
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғашқы оқу мен жазу - барлық білімнің негізі. Ірге тасы ерте жастан бастап қаланатын алғашқы оқу мен жазу - бұл өмір бойы жалғасатын үдеріс. Алғашқы оқу мен жазуға үйретуде баланың назарын аударатын, ынталандыратын және сабаққа деген қызығушылығын арттыратын қосымшалар жасалуы керек. Осы себепті мұғалімдер балалардың бірнеше сезім мүшелеріне әсер ететін және олардың назарын аударатын материалдарды қолдануы керек. Алғашқы оқу мен жазу үдерісі қаншалықты тиімді және нәтижелі болса, басқа пәндердің негіздері соғұрлым берік болады. Осы себепті зерттеу жұмысының мақсаты - бірінші сынып мұғалімдерінің оқу мен жазуға үйретуде дыбыстық негіздегі сөйлем әдісі кезеңдерін қарастыру арқылы қалай сабақ беретіндігін анықтау болып табылады. Зерттеу жұмысы бірінші сынып мұғалімдерін бақылау арқылы жүргізіліп, сапалық зерттеу әдістерінің бірі болып табылатын тақырыптық талдау әдісімен жасалған. Зерттеу бойынша әдебиеттерге талдау жасалғаннан кейін бақылау әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау барысында, дыбысты сезіну және тануды үйретуге байланысты сұрақтарға сүйене отырып, мұғалімдер негізінен оқушылардың өздері келтірген мысалдарды есепке алмағандығын және олар материал ретінде әндерді, бейне материалдарды, әңгімелер мен суреттерді пайдаланғандығы анықталды. Дыбысты оқу мен жазуға үйретуге байланысты мұғалімдердің оқушыларға жазуды дұрыс жазуына көмектесу үшін әр түрлі жұмыстар жасайтыны байқалды. Буын, сөз, сөйлем және мәтін құруды үйретуге байланысты орындаған жұмыстарда мұғалімдер буын құруды, сөздерді, сөйлемдерді құратуда көрнекіліктерді молынан қолданды, бірақ ашық буындар мен тұйық буындардың құрылуына мән бермеген деген қорытынды жасалды.