Аңдатпа
Мақаланың мақсаты Интернетке бағытталған ақпараттық жүйелерге желілік шабуылдарды анықтау және танып білу әдістерінің нейрожелілік модельдеріне талдау жүргізу болып табылады. Талдау нейрондық желі модельдері мен әдістерінің негізгі сипаттамаларын анықтау тұрғысынан жүргізілді. Он бес нейрондық желі модельдері мен әдістеріне талдау жасалды және олардың негізгі сипаттамалары кестеде келтірілген. Талдау нәтижесінде қазіргі заманғы нейрондық желі әдістері мен модельдерінің тиімділігін қамтамасыз ету кестеде келтірілген және талданған критерийлерді қолдана отырып сипатталатын белгілі бір мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы жүретіні анықталды. Талдау нәтижесінде қазіргі шабуылдарды анықтау жүйелерінде негізінен белгілі бір дәрежеде тапсырма жағдайларына бейімделген нейрондық желі модельдерінің классикалық түрлері қолданылатындығы көрсетілген. Нейрондық желі модельдерінің кемшіліктері мен ғылыми зерттеулердің бағыттары анықталды.