Аңдатпа
Мақалада өсімдік шикізатын пайдалану арқылы дайындалатын сүт қышқылды өнімдер қарастырылған. Сүтқышқылды өнімнің түрлері мен өсімдік шикізатына қысқаша сипаттама келтірілген. Сүтқышқылды өнімдердің адам ағзасына келтіретін пайдасы орасан зор. Оларға барлық сүт қышқылды және аралас ашыту арқылы алынатын айран, қымыз, қаймақ, сүзбе және ірімшік сияқты табиғи өнімдер жатады. Ірімшікті дайындау үшін сиырдың, қойдың, ешкінің сүттері қолданылады. Арнайы әдіспен дайындалған тұзды сарысуға салу арқылы тұздайды. Ірімшіктің заманауи өндірісінде жұмсақ ірімшік өндіру үшін болгар таяқшалары қолданылады. Жұмсақ ірімшіктерді өндірудегі басты ерекшелік, бастапқы өнім жоғарғы температурада пастеризациядан өтеді. Өнімді дайындаудағы мұндай технологиялық элемент ірімшік өндіруде орасан зор пайдасын тигізеді.