FEATURES OF CULTIVATION OF SPRING WHEAT IN RICE CROP ROTATIONS OF KYZYLORDINA REGION

2021

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2021.v59.i4.096
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қызылорда облысында жаздық бидайды өндірістік жағдайда ауыспалы күріш егісінің дақылы ретінде өсіріледі және жемшөп дайындау үшін малазығы өндірісінде кеңінен қолданылады. Өңірде жаздық бидай жыл сайын ауыспалы егістің 6-8% құрайды. Жаздық бидайдың әлеуетін толыққанды іске асыру және жоғары деңгейде дән өнімділігін алу үшін өсіру технологиясының әрбір агротәсілін талапқа сай орындау қажет. Тұқымдардың толыққанды өскіндерін және жоғары дән өнімділігін алу үшін алғы дақылдар бойынша егістерді тиімді орналастыру, оңтайлы топырақ өңдеу әдістері, ғылыми негізделген минералды тыңайтқыштар жүйесі және егісті күтіп-баптаумен қатар, көктемгі кезеңде тұқым себу мерзімін дұрыс таңдау және оңтайлы себу нормасын анықтау маңызды роль атқарады. Тұқым себу мерзімдері мен себу нормалары бойынша танаптық зерттеу жұмыстары Қызылорда облысының орталық аймағында орналасқан Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ-ның тәжірибе алаңында жүргізілді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері жаздық бидайдың Қазақстандық 10 сорты тұқымдарын наурыз айының алғашқы екінші онкүндігінде 4,5 млн. өнгіш дән себу нормасымен сепкенде, танаптағы өскіндердің біркелкі шығуына және егістерде өсімдіктердің оңтайлы тығыздығын орналастыруға мүмкіндік беретіні көрсетіп отыр.