SOL-21 ОСЬТЕРДІ САНАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ELS-95 ТИПТІ ЖОЛДЫҚ ДАТЧИКТЕРІНІҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2021-117-2-85-91
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы теміржол желісіндегі қолданыстағы SOL-21 осьтерді электронды санау жүйесінің ELS-95 жолдық датчиктерінің магниттелуінен пайда болатын істен шығуларды болдырмау және оның алдын-алу бойынша техникалық шешімдер қарастырылған. Бүгінгі таңда теміржол желісінде телімнің бос немесе бос еместігін анықтау үшін рельс тізбектері қолданылады. Дегенмен, рельс тізбектерінің бірқатар кемшіліктеріне байланысты, қазіргі таңда олар қарқынды түрде осьтерді санау жүйелеріне алмастырылып келеді. Қазіргі таңда осьтерді санау жүйелерін өндіретін бірқатар компаниялар бар. Мысалы: Промэлектроника (ЭССО жүйесі), Уралжелдоравтоматика (СКП Урал жүйесі), Siemens AG (АСМ-100 жүйесі), Bombardier (SOL-21 жүйесі), General Elecrtic (SCA-2) жүйесі және т.б. Аталған компаниялардың ішінде Bombardier компаниясының SOL-21 осьтерді санау жүйесі Қазақстан Республикасының теміржол желісінде (мысалы: Жетген-Алтынкөл, Шалқар-Сексеуіл, Шалқар-Бейнеу және т.б. теміржол желілері) кең қолданысқа ие болып келеді. Дегенмен, пайдалану барысында SOL-21 осьтерді санау жүйесінің негізгі кемшілігі анықталды. Бұл кемшілік - SOL-21 осьтерді санау жүйесінің ELS-95 типті жолдық датчиктерінің үстімен мотовоздар немесе дрезиналар жүруі барысында жолдық датчиктерде магниттелу пайда болып, теміржол телімі бақылаусыз қалуда. Мұндай жағдайдың себебінен пойыздар қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілмей, апаттық жағдайдың орын алуы мүмкін. Осыған орай, бұл мақалада ELS-95 датчиктерінің магниттелуін болдырмайтын және оның алдын-алатын өзекті техникалық шешім қарастырылған. Бұл техникалық шешімді қолдана отыра, тек жолдық датчиктің жұмысын жақсартып ғана қоймай, сондай-ақ пойыздар қозғалыс қауіпсіздігін жоғарғы деңгейде қамтамасыз етуге болады.