ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕЛІК-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51579/1563-2415.2021-1.40
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада инновациялық экономиканың негізгі компоненттерінің бірі - ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарының Қазақстандағы даму қарқыны баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі таңда əлемде орын алып отырған COVID-19 эпидемиясының елдің инновациялық қызметіне əсері анықталып, негізгі мəселелерді шешу үшін ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру маңыздылығы дəлелденген. Еліміздегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік конструкторлық жұмыстарының негізгі көрсеткіштері талданып, оның қазіргі экономикалық дағдарыс уақытында тиімді дамыту ұсыныстары жасалған. Сонымен қатар, инновациялық экономиканы дамытудың, ғылыми əзірлемелер мен инновациялардың кəсіпорындар жəне ұйымдармен байланысты қызмет етуінің негізгі мəселелері анықталып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалған. Инновациялық экономиканы қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың рөлі жəне осы бағыттағы шетелдік мемлекеттердің тəжірибесі қарастырылып, оны еліміздің экономикасында қолдану ерекшеліктері баяндалған.