ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА САБАҚ ТАТ (Puccinia graminis f. sp tritici) АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47100/herald.v1i2.14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бидай егістік алқаптарында сабақ тат ауруына төзімділігін зерттеу әлемжәне Қазақстан бойынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жыл сайынәлемнің бидай өндірісінде сабақ тат ауруынан өнім түсімі 10 % жуық кемиді.Республикамызда бидай өнімділігі бұл аурудан 10 % дейін, ал эпифитотиялықжылдарда 30-40 % дейін төмендейді.Қазақстанның солтүстігі мен шығысында сабақ татының дамуы жылсайын орын алады. Сабақ тат ауруынан бидай өнімділігін сақтап қалуда егістікалқаптарына дер кезінде фитосанитарлық мониторинг жүргізу, экологиялықтаза, экономикалық тұрғыдан тиімді, әрі төзімділігі жоғары сорттарды шығаружәне оларды өндіріске енгізу сияқты шаралардың маңызы өте зор.2018 жылы Алматы обылысының бидай танабында сабақ тат ауруыныңтаралуы орташа деңгейде болды, яғни 36,2 %-ды, дамуы 8,2 % құрады. Зерттеунәтижесінде күздік бидайдың Стекловидная 24 (57,5 %), Қызыл бидай (59,2 %)және Сапалы (64,3 %) сорттары ауруға жоғары төзімсіздеп анықталады.Еліміздің солтүстік аймақтарынның Қостанай облысында Карабалыкская 90,Казахстанская Раннеспелая, Карабалыкская 7 сорттарында ауру жоғарғыденгейде таралып дамыды, аурудың таралуы 74,1 %-ды, дамуы 26,7 % құрады.