ӘНШІ-АҚЫНДАР МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-04
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткен өрісті арна – әнші-ақындар мұрасының зерттеп-зерделену мәселесі қарастырылады. Әр кезеңдерде жазылып, осы бағыттағы зерттеулердің ғылыми-теориялық негізін құрайтын еңбектерге шолу жасалады. Сонымен бірге, зерттеу еңбектерінің әнші-ақындар поэзиясын танытудағы рөліне айрықша мән берілген. Сал-серілер мұрасын зерттеудің басында тұрған іргелі еңбектерге шолу жасалып, оларды топтастыруға жете мән берілді. Осы орайда әнші-ақындар шығармашылығына арналған еңбектерден бөлек, есімі мен мұрасы мәлім де беймәлім жекелеген өкілдерінің шығармашылығын тану, әнші-ақындар өнерін аймақтық дәстүрлі өнер мектептерінің ерекшелігіне байланысты қарастырып, дәстүр мен жалғастық мәселесін өрістетуге ден қойылды. Кеңестік солақай саясаттың насихаттау құралына айналып, әуел бастағы сөзі мен мәнінен ажырап қалған әнші-ақындардың әдеби мұрасының текстологиялық мәселелері қамтылған еңбектер де назардан тыс қалмады. Ғылыми мақалада жүйелі-кешенді талдау, салыстыру, топтау әдістері қолданылды. Әнші-ақындар шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері мен зерттеулері бағыттарына қарай, тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға жіктелді. Бірақатар қорытындылар жасалып, сал-серілер мұрасын зерттеудің ғылыми-теориялық негізін құрайтын еңбектердің құндылығы мен халқымыздың рухани өміріндегі алар орны пайымдалды. Ғылыми мақаланың нәтижелерін әнші-ақындар мұрасын оқытуда, насихаттауда қолдануға болады. Сондай-ақ осы бағыттағы зерттеулердің бағытын айқындап, сал-серілердің өмірі мен шығармашылығына қатысты жүргізілетін зерттеу барысында басшылыққа алуға болады.