Аңдатпа
Мақалада фэнтези жанрының шығу төркіні қарастырылып, шығармамазмұнына өзек болатын архетиптік сюжеттер мәселесі көтеріледі. Ғылымифантастика мен фэнтези жанрының жанрлық өзгешелік сипаттары айқындалады.Фэнтези жанрындағы өзгеше астралды, параллель әлемнің көркемдік шындықәлеміне айналып, өзінің көркемдік заңдылықтарымен өмір сүруінің алғышарттарытүйінделіп, тұжырымдар жасалады. Фэнтезидің ертегілерден өзгешелігі мұндағытаңғажайып оқиғалар суреттелетін әлемде қалыпты жағдай ретінде бейнеленіп,ақиқат шындықтағы табиғат заңдылығы сияқты жүйелі көрініс табады.Мақала мазмұнында әлем әдебиетіндегі және қазақ әдебиеті фэнтези жанрыныңкөрнектіөкілдерініңшығармаларынашолужасалады. Негізгібөлімдефэнтезижанрыныңғылыми анықтамасы, оның қазіргі кездегі негізгі жанрлық түрлері – эпикалық, басқашаатасақ, батырлық немесе қаһармандық фэнтези, ертегілік фэнтези, «қара» фэнтези,нормалық фэнтези, пародия фэнтезиі, қала фэнтезиі, ғылыми фэнтези, мистикалықфэнтези туралы тұжырымдар жасалады. Фэнтези жанрының тууына түрткі болғанмифологиялық сюжеттер мен эпикалық дастан-жырлардың көркемдік генезисіненазар аударылады. Фэнтези жанрындағы шығармалардың сюжеттік кеңістігіндегіреалды, мифологиялық, эпикалық, фантастикалық кеңістік сипаттары талданады.Қазақ фэнтезиінің қалыптасып, дамуына тоқтала келіп, оның көркемдік деңгейізерделенеді. Қорытынды бөлімде мақаладағы түйінді пікірлер сараланып, тұжырымдаржасалады. Қазіргі фэнтези жанрының алдында тұрған мақсат-міндеттер көрсетіледі