ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2023.4/1999-5849.08
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада туризмнің шығу тарихы, тарихи қалыптасуының кезеңі, туризм индустриясының дамуы, қазіргі ахуалы талданды. Казақстан мемлекетінде туристік қызметті оңайлатуға және дамытуға бағытталған бірнеше іс-шаралар ұсынылды, туризмді дамыту жолында экономиканың басқа да салаларының дамуына қосымша әсер етуі қарастырылды. Қасиетті де киелі жерлер тарихы, мәдени қарым-қатынасы әрі құнды жәдігерлер мен артефактілер талданды. Өнер жетістіктері, мәдениет табыстары, тарих тағылымдарының, ата-баба мирасының маңыздылығы туралы ой қозғалып, оны қорғау, қастерлеу өскелең ұрпақтың міндеті екені айтылды.Қазақстанда туризмнің әр түрін дамыту перспективалары туристік ағынды тікелей көтерумен қатар, мәдени туризм тұтастай алғанда өңірдің туристік дамуына, сондай-ақ әлеуметтік жағдайдың жақсаруына, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестициялардың ағынына елеулі үлес қосатындығымен расталады. Осыған орай, мақалада мәдени туризмнің әлемдік экономикаға әсер етуінің аспектілері, белгілі бір мақсаттағы экономика туралы, сондай-ақ туризмнің осы түрімен айналысатын кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктері зерттелетін болады.