ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss4pp276-287
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Біз білеміз, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – алған білімін өмір қажетіне жарата алатын, өзгермелі заманда өзін қоршаған ортада өзін-өзі көрсете алатын құзыреттілігі жоғары функционалдық сауатты тұлға қалыптастыру. Осы орайда мақалада жаңартылған білім мазмұнының методологиялық негізіне сай мектепте оқытылатын кез-келген пән оқушының өмірлік қажеттілігіне жарайтындай танымдық сипатта оқытылуы керек екендігі сөз болады. Сонымен қатар адам болмысына тән сана, білім, ақыл, мәдениет, рухани байлық сияқты қасиеттер танымның жан-жақтылығына жататындығы айтылады. Әрі ол философия ілімінде «таным теориясына» берілген анықтамамен дәйектеледі. Ал оқушы тұлғаның таным көкжиегінің дамуының басты кілті – тіл екендігі белгілі. Осы орайда мақалада мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің әлеуметтік мәнінің зор екендігі, сондықтан да оның білімдік қызметі, танымдық қызметі, коммуникативтік қызметі теориялық тұрғыда танымдық сипатта оқытылу керек екендігі сөз болады. Әрі тілді таным теориясы тұрғысында оқытудың міндеттері аталады. Қазақ тілін таным теориясына сай оқытуға кіретін мәселелерге әрі оның тиімділігіне тоқталынады. Мақалада тіл – пішін мен мазмұн бірлігінен тұратын тілдік құралдардың өзара байланысу әрекетінен құралған әмбебап құбылыс екендігін айта келіп, «сөз» коммуникативтік ең басты тілдік единица екендігі әрі оның атауыштық әрі танымдық қызмет атқаратындығы сөз болады. Осы орайда сөзді сөз тіркесі, сөйлем, мәтін түзуде функционалдық тұрғыдан сауатты қолдана білу үшін тұлға сөз семантикасын терең түсіне білуі керек екендігі айтылады. Әрі бұл мәселе синонимдерді оқытуда оның семантикалық ерекшелігін таныта оқыту керектігімен дәйектеледі.