Оқылым арқылы оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-3-112-122
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада оқылым әрекеті оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады. Жұмыс аясында отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерге теориялық шолу жасалып, «құзіреттілік», «коммуникативтік құзіреттілік» ұғымдарының мәні айқындалған. Мақаланың өзектілігі қазіргі қоғамда оқушыны әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс істеу барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 8-сынып оқушыларының оқылым дағдыларын дамыту және олардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдарын ғылыми-практикалық тұрғыдан негіздеу болып табылады. Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары арасында жүргізіліп, оған барлығы 80 оқушы қатысты. Мақалада қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс барысында қолданылатын Жигсо (Jigsaw), дискуссия, дебат әдістерінің қолдану алгоритмі мен олардың практикалық нәтижелері талданған. Зерттеу нәтижесінде оқылымның тек дайын ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өзара пікір алмасу, сұхбат құру, өз ойын анық әрі еркін жеткізу және өзіндік көзқарасын дәлелдей білу қабілеттерін дамытатын басты құрал екені дәлелденді. Мектепте оқылым дағдыларын арттыруға бағытталған тапсырмалар белсенді әдіс-тәсілдермен жүйелі ұйымдастырылған жағдайда, оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігі жоғары деңгейде қалыптасатындығы айқындалды.