СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.15.3.028
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін арттырудың конституциялық, тарихи-құқықтық, институционалдық және әлеуметтік-психологиялық негіздері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәжірибелерінің тұрақтылығын айқындайтын факторларды анықтау, сондай-ақ конституциялық реформалардың мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге ықпалын бағалау. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және институционалдық әдістер, сондай-ақ ғылыми әдебиеттерді, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық ұйымдардың материалдарын, қоғамдық-саяси үдерістер мен эмпирикалық зерттеулерді талдау құрады. Зерттеу нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың құқықтық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени факторлардың ықпалымен қалыптасатын көпфакторлы құбылыс екенін көрсетті. Kazakhgate ісін, Жаңаөзен оқиғаларын және 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларын талдау негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің эволюциясы ашылып, олардың мемлекеттік институттардың тұрақтылығына, қоғамдық сенім деңгейіне және мемлекеттік басқару тиімділігіне ықпалы көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы конституциялық реформалардың, институционалдық өзгерістердің және қоғамдық қатысудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзара толықтыратын элементтері ретіндегі байланысына кешенді баға берілуімен айқындалады. Зерттеу нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіру конституциялық кепілдіктерді нығайтуға, құқықтық институттарды дамытуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейтуге негізделуі тиіс деген қорытынды жасалды.