DEVELOPMENT OF TECHNOLOGY FOR FUNCTIONAL BAKERY PRODUCTS MADE FROM COMPOSITE FLOUR

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/slel7322
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада бірінші сұрыпты бидай ұны негізінде тұтас дәнді бидай ұны, қарақұмық ұны және итмұрын ұнтағы қосылған функционалды бағыттағы нан өнімдерінің рецептурасы әзірленді. Зерттеудің мақсаты –функционалды ингредиенттерді пайдалану арқылы тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары, иммундық жүйені қолдауға ықпал ететін нан өнімдерінің технологиясын әзірлеу және олардың сапа көрсеткіштерін бағалау. Зерттеу барысында органолептикалық, физика-химиялық және технологиялық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері қарақұмық ұны мен итмұрын ұнтағының нан өнімдерінің тағамдық құндылығын арттырып, органолептикалық қасиеттерін жақсартатынын көрсетті. Глютенді қолдану қамырдың газ ұстау қабілетін арттырып, дайын өнімнің көлемі мен құрылымын жақсартты. Зерттелген үлгілердің ішінде қарақұмық ұны 8 г, итмұрын ұнтағы 3 г және глютен 2 г қосылған үлгі технологиялық және сапалық көрсеткіштері бойынша оңтайлы нәтиже көрсетті. Әзірленген рецептура бойынша No2 үлгі функционалды бағыттағы жоғары құнарлы нан өнімдерін өндіруде қолдануға ұсынылады.