Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды цифрландыру аясында зейнетақы жинақтарын инвестициялауды реттеудің құқықтық аспектілері

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026l3/32-43
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуды цифрландыру аясында зейнетақы жинақтарына инвестиция салуды реттеудің құқықтық аспектілері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты — платформалық жұмыспен қамтудың және еңбек нарығының цифрлық трансформациясының зейнетақы жинақтарын қалыптастыру, басқару және инвестициялау механизмдеріне әсерін талдау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдірудің құқықтық мәселелері мен перспективаларын анықтау. Зерттеуде жалпы ғылыми және мамандандырылған құқықтық әдістер, соның ішінде ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық, жүйелік, аналитикалық және статистикалық әдістер қолданылды.Зерттеудің эмпирикалық негізін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік және еңбек кодекстерінің ережелері, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ресми материалдары, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, платформалық жұмыспен қамтудың пилоттық жобаларының деректері және цифрлық экономика мен зейнетақымен қамсыздандыру бойынша ғылыми басылымдар құрайды. Зерттеу жұмыспен қамтуды цифрландыру платформа қызметкерлері мен өзін-өзі жұмыспен қамтығанадамдарды тарту арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қамтуын кеңейтуге ықпал ететіні анықталды. Сондай-ақ цифрлық платформаларды және міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің автоматтандырылған тетіктерін енгізу әлеуметтік төлемдерді басқаруды жеңілдететіні және бейресми жұмыспен қамту деңгейін төмендететіні анықталды. Платформа қызметкерлерінің мәртебесіне қатысты құқықтық белгісіздік, зейнетақы активтеріне инвестициялардың тиімсіздігі және халықтың белгілі бір топтарының қаржылық сауаттылығының төмендігі айқындалды. Авторлар ҚазақстанРеспубликасының еңбек, әлеуметтік және цифрлық заңнамасын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ платформа қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және экономиканы цифрландыру аясында зейнетақы жинақтарын басқарудың тиімділігін арттырудың кешенді тетіктерін әзірлеу қажет деген тұжырымдама жасаған.