Аңдатпа
Бұл мақала Ахмет Ясауидің сопылық мұрасында елеулі орын алатын адам концепциясы этикалық және философиялық тұрғыдан қарастырылады. Ясауидің дүниетаным жүйесі ислам сопылығы контекстінде ғана емес, Орталық Азиядағы түркі халықтарының мәдени-философиялық дамуында да маңызды рөл атқарды. Бұл зерттеу ең алдымен адам ұғымының Ясауи хикметтерінде қалай бейнеленгенін және оның адамгершілік құндылықтарға негізделгенін зерттейді. Одан кейін адамзаттың экзистенциалдық өлшемі, өзін-өзі тәрбиелеу, трансценденттік шындыққа ұмтылу және адамгершілік кемелдікке жету процесі секілді іргелі тақырыптар философиялық категориялар тұрғысынан қарастырылады. Мақалада Ясауидің адамды «адамгершілік субъекті» деп анықтағаны, оның дүниетанымында этика мен онтология ажырамас тұтастықты құрайтыны көрсетілген. Сондай-ақ, Ясауидің адам туралы тұжырымдамасын ислам философиясы мен сопылық дәстүрдегі басқа ойшылдармен салыстырмалы түрде қарастыру оның ерекше көзқарасын айқындайды. Яссауидің адам туралы түсінігінің қазіргі философиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ету әлеуеті қарастырылған. Бұл тұрғыдан зерттеу Ясауидің этикалық- философиялық ой-пікірін заман талабына сай түсіндіруге жол ашып, тарихи әрі теориялық талдауды ұсынады.