РЕКУПЕРАЦИЯЛЫҚ ЦИКЛДЕР НЕГІЗІНДЕ ЭЛЕКТРЛІК ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМНЫҢ БОРТТЫҚ ЭНЕРГИЯ ЖИНАҚТАҒЫШТАРЫНЫҢ МАССАЛЫҚ-ГАБАРИТТІК СИПАТТАМАЛАРЫН НЕГІЗДЕУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2026-144-3-16-29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада рекуперациялық тежеу циклдерінің параметрлеріне негізделген электрлік жылжымалы құрамның (ЭЖҚ) борттық энергия жинақтағыштарының массалық-габариттік сипаттамаларын негіздеу мәселелері қарастырылған. Зерттеу барысында энергия жинақтағыштарды моторлы вагонның рама астындағы бос кеңістігіне орналастырудың оңтайлы нұсқасы ұсынылды. Литий-ионды аккумуляторлық модульдердің қажетті санын есептеу әдістемесі әзірленіп, жүйенің жиынтық массасы мен көлемдік көрсеткіштері анықталды. Ansys Workbench бағдарламалық кешенін пайдалану арқылы жабдықты орнатудан кейінгі вагон рамасының кернеулі-деформацияланған күйіне (КДК) сандық талдау жүргізілді. Модельдеу нәтижелері конструктивтік беріктіктің сақталуын және осьтік жүктемелердің нормативтік талаптарға сәйкестігін растады. Сонымен қатар, базалық және модернизацияланған электропойыздың пайдалану көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасалды. Алынған нәтижелер борттық жинақтағыштарды енгізу тарту жүйесінің ПӘК-ін 16,6%-ға арттырып, энергия шығынын 17,5%-ға азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті.