Аңдатпа
Бұл жұмыста медициналық кескіндерді талдау негізінде автоматтандырылған диагностикалық жүйені әзірлеу мәселесі қарастырылған. Ұсынылған HeartAI мобильді қосымшасы Flutter фреймворкі мен Dart бағдарламалау тілі негізінде Android платформасына арналып жасалған. Жүйеде ЭКГ медициналық кескіндерін талдау үшін Google Gemini AI API мультимодальды үлгісі пайдаланылады. Пайдаланушы камера немесе галерея арқылы ЭКГ кескінін жүктейді, жасанды интеллект оны бірнеше секунд ішінде талдап, диагностикалық қорытынды қалыптастырады. Функционалдық тестілеу нәтижелері жүйенің барлық негізгі модульдерінің тұрақты жұмыс істейтінін және ЭКГ кескіндерін автоматты интерпретациялау мүмкіндігін растады. Орташа диагностикалық цикл 6,8 секундты құрайды.