ҰЛТТЫҚ БИБЛИОГРАФИЯ ЖӘНЕ М.ДУЛАТҰЛЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БАСЫЛҒАН КІТАПТАРДЫ КӨРСЕТКІШНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2025-4(6)-8
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала алаш қайраткері М. Дулатұлының 1926 жылы жарық көрген «Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш» еңбегіндегі библиографиялық құрылымды зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты – аталған көрсеткіштің қазақ кітаптану ғылымының дамуына қосқан үлесін айқындау және оның ғылыми-тәжірибелік маңызын дәлелдеу. Ізденіс материалы ретінде көрсеткіштің түпнұсқасы, сонымен қатар қазақ кітабының тарихына, библиографиясының қалыптасуы мен даму мәселелеріне арналған зерттеулер алынды. Тақырыптың өзектілігі – «Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш» еңбегіндегі библиографиялық құрылымның ерекшеліктері мен құндылығы бүгінгі күнге дейін толыққанды зерделенбеуінде жатыр. Зерттеу барысында мәліметтерді жүйелеу, салыстырмалы талдау жүргізу, жинақтау, жіктеу және бағалау әдіс-тәсілдері қолданылды. Ізденіс нәтижесінде көрсеткіштің құрылымдық элементтері, қолданылған библиотәсілдер анықталып, оның қазақ библиографиясының алғашқы ғылыми үлгілерінің бірі екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, көрсеткіште қамтылған кітаптардың мазмұндық-тақырыптық жіктелуі қазақ баспа ісінің сол кезеңдегі даму деңгейін айқын көрсететіні анықталды. Бұл еңбек ұлттық кітап мәдениетінің тарихын зерттеуде маңызды дереккөзі болып табылады және қазақ кітап мұрасын сақтау мен насихаттауда ерекше орын алады. Эмпирикалық талдаулардың нәтижелерін ЖОО-да оқытылатын 6B03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының «Кітапхана ісінің тарихы», «Кітапханатану», «Кітапханалық каталог», «Қазақстан және шетелдік библиография» пәндерінде, сондай-ақ Міржақыптану саласының әдіснамалық негізін жетілдіруде қолдануға болады. Зерттеу нәтижелері болашақта ұлттық библиографияны дамытуға бағытталған ғылыми жобаларға негіз бола алады.