"Қазақстандық мұғалімдердің кәсіби қанағаттануы мен психологиялық әл-ауқатының өзара байланысы"

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы мұғалімдердің кәсіби қанағаттануы мен психологиялық әл-ауқатының өзара байланысы қарастырылады. Зерттеу педагогтердің кәсіби қызметінеқанағаттану деңгейі мен олардың психологиялық әл-ауқаты арасындағы тәуелділікті талдауға, сондай-ақ аталған көрсеткіштердің педагогикалық қызмет тиімділігіне ықпалын анықтауға бағытталған.Зерттеудің мақсаты –мұғалімдердің психологиялық әл-ауқатының негізгі компоненттерін айқындау және кәсіби қанағаттану деңгейі әртүрлі мұғалімдердің әл-ауқат көрсеткіштерін салыстырмалы талдау.Әдіснамалықнегізін психологиялық әл-ауқат пен кәсіби қанағаттану мәселелерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу К. Рифф пен Эд Динер ұсынған теориялық тұжырымдамаларға сүйенеді.Эмпирикалық зерттеу 2025–2026 жылдары Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде жұмыс істейтін 180 мұғалімнің қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында деректерді жинау үшін келесі психодиагностикалық әдістемелер қолданылды: тұлғалық ерекшеліктерді бағалауға арналған TIPI-RU «Үлкен бестік» сауалнамасы; кәсіби күйзеліс деңгейін анықтауға арналған К. Маслач әзірлеген кәсіби күйіп кету сауалнамасы (Maslach Burnout Inventory); психологиялық әл-ауқатты бағалауға арналған К. Рифф шкаласы; өмірге қанағаттану деңгейін анықтауға арналған Эд Динер ұсынған Satisfaction with Life Scale; сондай-ақ еңбекке қанағаттануды бағалауға арналған Paul E. Spector әзірлеген Job Satisfaction Survey (JSS). Алынған деректер сипаттамалық статистика, корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері арқылы өңделді.Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің кәсіби қанағаттануы мен психологиялық әл-ауқаты арасында статистикалық тұрғыдан мәнді оңбайланыс бар екенін көрсетті. Бұл педагогтердің кәсіби қызметіне қанағаттану деңгейі олардың психологиялық жағдайына тікелей әсер ететінін дәлелдейді.Алынған нәтижелер білім беру жүйесінде мұғалімдердің психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған тиімді бағдарламаларды әзірлеудің маңыздылығын негіздейді.