ЖОО жағдайында болашақ психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жағдайында болашақ психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық және эмпирикалық тұрғыда кешенді түрде қарастырылады. Кәсіби құзыреттіліктіңмәні, құрылымдық компоненттері және оның когнитивтік, практикалық және тұлғалық өлшемдерінің өзара байланысы ғылыми әдебиеттер негізінде нақтыланды.Зерттеу қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілікке негізделген тәсілдің маңыздылығын айқындап, оның болашақ мамандарды даярлаудағы рөлін көрсетеді. Эксперименттік жұмыс барысында тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері (кейс-талдау, тренингтер, жобалық тапсырмалар) енгізілді. Нәтижесінде студенттердің кәсіби мотивациясы артып, теориялық білімді практикалық жағдайлардақолдану қабілеті дамығаны анықталды.Алынған эмпирикалық деректер ұсынылған педагогикалық модельдің тиімділігін дәлелдеп, оның кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудағы ықпалын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы –кәсіби құзыреттіліктің құрылымдықмоделін нақтылау және оны дамытуға ықпал ететін педагогикалық шарттарды айқындау. Практикалық маңызы –ұсынылған әдістемелерді жоғары білім беру үдерісіне енгізу арқылы болашақ психологтарды кәсіби даярлау сапасын арттыру мүмкіндігімен сипатталады.